АбайАймақ

Кентте жаңа кешен салынады

Биыл Абай ауданының Топар кентінде жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Екі қабатты ғимаратта волейбол, баскетбол, үстел теннисі ойындары үшін әмбебап залдар, жаттығу және күрес залдары болады деп күтілуде

Жалпы алаңы 1601 шаршы метрге тұрғызылатын ғимараттың жобалық-сметалық құны 493,857,4 мың теңгені құрайды. Тапсырыс беруші Абай аудандық құрылыс бөлімі, орындаушы «Astana koktem group» ЖШС. Ғимарат 2023 жылдың маусым айында пайдалануға берілмек.

Аталған серіктестік құрылысшылары қазірге дейін кенттің қақ ортасынан құрылысқа бөлінген аумақты қоршап, ғимараттың түпорнын қазып, даярлап қойды. Енді көктем шыға негізгі жұмыстар қолға алынбақ. Кешен ашылғанда топарлықтар сан алуан спортпен шұғылданып, жаттығып, денсаулықтарын жақсартып, ширатуға мүмкіндік алады.

Ержан ИМАШ.

Абай ауданы

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button