Кеншілердің еңбек дауы: тараптар келісімге келді

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіндегі жағдай жөнінде түпкілікті шешім қабылданды. Еңбек дауын реттеу үшін құрылған екіжақты комиссия жұмысын аяқтады. Кәсіпорын әкімшілігі, көмір департаментінің барлық сегіз шахтасының ынталы тобы және кәсіподақтың қатысуымен талқыланған барлық мәселелер бойынша тараптар келісімге келді деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Барлығымыз күрделі жағдайға тап болдық. Алайда, туындаған еңбек дауын құқықтық деңгейге шығарып, келісімсөз жүргізуге көштік. Бүгінде барлық кеніштер штаттық тәртіпте жұмыс істеуде. Енді ынталы топ мүшелерінің алдында қабылданған шешімді еңбек ұжымына барынша нақты жеткізу міндеті тұр, деп қорытындылайды екіжақты комиссия төрағасы, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.

Жалақы туралы да ортақ шешім табылған.

Барлық мәселелер реттеліп, екіжақты комиссия құзыреттілігі шегінде қарастырылды. Заңнамалық деңгейде шешілетен бірқатар мәселелер бары бізге мәлім. Ол мәселелерді жұмысберуші кәсіподақпен бірге орталық мемлекеттік органдарға жолдайды. Қазіргі уақытта жұмыстың құқықтық алаңда өткендігін айта аламын, деп Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанатбек Балсариев жұмыс қорытындысына түсініктеме берді.

2018 жылдың 1 қаңтарында күшіне енетін жаңа ұжымдық келісімшартта қарастырылғандықтан комиссия жұмысы барысында мәселелердің жартысы күн тәртібінен шығарылды.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету сұрақтарына қатысты да келісімге келді.

Қабылданған шешімге ынталы топ мүшелері ризашылық танытты. Ленин атындағы шахта жұмысшыларының мүдделерін білдіруші Евгений Буслаев пікірімен бөлісті.

Болған жайттан дұрыс қорытынды шығару — біздің міндетіміз. Біз, жұмысшылар мен кәсіподақтар, тіпті, ең күрделі мәселелерді құқық алаңында, ҚР заңнамасы аясында келіссөз жүрзігу үстелінің басында отырып шешуді үйренуіміз керек, дейді ол.

Қарағанды облысы

әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.