Жаңалықтар

Кеншілер партаға жайғасты

     «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы кеншілерді кешенді оқытуды қолға алды. Атап айтқанда, компанияның «Шахтер» жаңа оқу орталығы кәсіптік оқудың сапасын арттыруға мүдделі.

Компанияның баспасөз қызметінің айтуынша, «Шахтер» жаңа оқу орталығы Әлиханов көшесі, 14 А ғимаратында орналасқан. Мұндай орталық бұрын да болған, бірақ жобалық қуаты әлдеқайда кем  және де оқыту тек қызметкерлердің шағын санына ғана мүмкіндік берсе керек.  Енді біліктілігін бір мезгілде орталықта 300 адам арттырады. Жылына орталық 20 мыңға жуық кеншілерді қабылдауға қабілетті.

«Шахтер» оқу орталығында өнімді процесті қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалған.  Ыңғайлы залдар, мамандандырылған зертханалар, оқыту техникасымен және ыңғайлы кеңсе жиһазымен жабдықталған. Кең аудитория-сыныптар, шуыл өткізбейтін  дәліздер бар. Кәсіптік оқытудың сапасын арттыру үшін оқу орталығы базасында  дамыту бағдарламасы ашылмақ.  3D стимуляторлар алынып, қызметкерлер барынша тәжірибеге мейлінше  жақындатылған жағдайда оқытылады.

Анна АДОМ, «АрселорМиттал Теміртау»АҚ қызметкерлер жөніндегі директоры:

– «Шахтер» жаңа оқу орталығының ашылуы – бұл «АрселорМиттал Теміртау» тарихындағы өте маңызды оқиға.  Бұл – «АрселорМиттал Теміртау» мәлімдеген, өткен жылы компания жергілікті кадрларды дайындау мен оқытуға ерекше назар аударғаны туралы уәде мен міндеттемелерді орындаудағы бірінші дәлел. Кәсіби дағдыларға ғана емес, менеджментке, көшбасшылыққа, басқаруға оқыту көзделеді. Біз қызметкерді басқарудың барлық деңгейдегі басшыларын оқытамыз.  Шеберлерден бастап топ-менеджментке дейін мамандарға дәріс береміз.Орталық болашақ басшылар мен қызметкерлердің оқу, танысу және өзара ықпалдасуының  тұтас бір топ алаңы болады. Олар мұнда өз мансабын өсіруге,  компаниямыздың дамуына үлестерін қосуға мүмкіндік алады.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button