Кеншілер мәселесі – басты назарда
Облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов шахтерлермен кездесіп, көмір шахталарының тағдыры, меншік иесі ауысқаннан кейінгі қызметкерлер алдындағы міндеттемелердің орындалуын талқылады.
Кеншілерді толғандырған сұрақтарға жауап беріп, меншік иесінің ауысуы қызметкерлер алдындағы міндеттемелерге әсер етпейтінін, жұмыс шарттарында, төлемдерде, әлеуметтік кепілдіктерде ешқандай өзгерістер болмайтынын мәлім етті.
– Ұжымдық шарттың барлық талаптары инвестор кім болатынына қарамастан сол күйі қалады. Оның тармақтары тек жақсарту, жетілдіру бағытында өзгеруі мүмкін. Қалай болғанда да, мұның бәрі кәсіподақтармен және еңбек ұжымдарымен талқыланады. Мемлекет компанияда жұмыс істейтіндердің еңбек жағдайларының нашарлауына жол бермейді. Қауіпсіздік техникасы, уақтылы төлемдер – мұның бәрін мемлекет бақылайтын болады, – деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Вадим Басин.
Сонымен қатар, мердігерлер алдында ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік жауапкершілік қабылданған міндеттемелерге сәйкес орындалатынын да атап өтті Ермек Алпысов.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ