Жаңалықтар

Кен көздері табылды

   Биылғы жылы «Қазгелология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ аймағымызда Тасты мен Сарыадыр учаскелерінде жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарынан кейін сүйіншілеген жаңалығымен бөлісті. Айтулы учаскелерге іздеу жұмыстары мемлекеттік тапсырыс аясында жүргізілген болатын.

Тасты учаскесі бойынша, жобаның жалпы құны 343 млн. теңгені ал, Сарыадыр учаскесі бойынша, 399 млн. теңгені құрады. «Қазгеолология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ мамандарының айтуынша, алынған нәтижелер негізінде пайдалы қазбаларды орналастырудың бекітілген заңдылығын ескере отырып, Тастыдан анықтаған. Оның бірі колчедан-полиметаллды, титанмагнетитті, екіншісі алтын кенді екен. Қызылтау алаңындағы колчедан-полиметаллды, титанмагнетитті минералды аймағы Р1+Р2 санаты бойынша, болжамды ресурстардың мынадай баға нәтижелерін көрсетті: кен – 106 млн. тонна, қос тотықты титан – 2,7 млн. темір 9,7 млн. тонна дейді. Солтүстік Сүмбе алаңында мыс-алтын кен орнында Р3 санатындағы болжамды ресурстардың көлемі мынадай: кен – 7,5 млн. мыс – 8,3 мың, алтын – 1,7, күміс – 3 тонна. Сарыадыр алаңындағы жұмыстар бойынша, мыс-порфирлі үлгідегі Алматы учаскесі анықталған. Аталған учаскедегі Р1 санатындағы болжамды мөлшері кен – 141 млн. мыс – 311 мың, молибден – 7 мың тонна көрінеді.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button