Кемел келешек

   Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Жолдауында елімізді әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге бағыттаған елеулі тұжырымдар жасалды.

Жаңа өндірістік революция заманауи технологияларды жете игерген мемлекеттерді дамудың шыңына шығарады. Осындай тарихи мүмкіндікті Қазақстан да жіберіп алмауы керек. Сондықтан, бүгінгі күнгі озық технологиялар мен жаңашыл ойларды жетік игерген, өзін де, елін де таныта алатын азаматтарды тәрбиелейтін, адами капиталды қалыптастыратын тиімді жүйені қалыптастыру керек.

Әлемдік озық технологияларды игеру бойынша алда келе жатқан елдердің адами капитал қалыптастыру тәжірибесін саралай отырып, өзімізге лайық деген жетістіктерін байыппен енгізген жөн. Оның ішінде, негізгі салмақ ұлттық білім беру жүйесіне түспек. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған білім ғана елдің инвестициялық тартымдылығын қалыптастырады және технологиялық дамуын қамтамасыз етеді.

«Отанымыздың көркеюі әркімнің жаңа «цифрлық дәуір» талаптарына сай болуына байланысты» деді Елбасы Н.Назарбаев. Яғни, ақпараттанған заманда ғаламдық технологиялық көшке ілесу бүгінгі заманауи ақпараттық жетістіктерді игере алуымызға байланысты. Мұны жете түсінген Елбасымыздың көрегендік саясатының нәтижесінде, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданған болатын. Бүгінгі өзгермелі қоғамға бейімделген жастар қатарының артуы аталмыш бағдарламаның тиімді жүзеге асуына байланысты екендігі сөзсіз.

Жолдауда қойылған 10 міндет Нұрсұлтан Назарбаевтың бұған дейінгі Жолдауларында алға қойған елеулі саяси істерімен үндеседі және уақыт талаптарына сәйкес келетін логикалық жалғасы.

Біз зияткерлік әлеуетімізді, қаржылық, техникалық ресурстарымызды Елбасы көтерген міндеттерді жүзеге асыруға жұмылдыруымыз керек. Тек, сонда ғана өзінің дербес ұлттық рухы, мәдениеті, тарихы, санасы дамып жетілген өркениетті ұлт есебінде жалпы адамзаттың ұлы көшіне ілесіп, әлемнің дамыған 30 елімен терезесі тең мемлекет ретінде иық тірестіре аламыз.

Дастан КӨШЕРБАЕВ,

Е.Бөкетов атындағы

ҚарМУ-дың саясаттану және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі,

саясаттану ғылымдарының

кандидаты,

доцент.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.