Жаңалықтар

Кемел келешек кепілі

«Нұр Отан» партиясының қалыптасу және даму тарихы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 1999 жылы Елбасының бастамасы бойынша «Отан» партиясы құрылып, кейін ол Қазақстанның көшбасшы партиясына айналды. Ал, 2006 жылы «Отан» партиясының кезекті съезінде «Отан» республикалық саяси партиясы атауы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы», ал 2013 жылы «Нұр Отан» халықтықдемократиялық партиясы» атауы «Нұр Отан» партиясы болып өзгертілді.

Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі аумалы-төкпелі кезеңде саяси күштердің басын біріктірді. Өзінің әуел бастағы саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізді.

Бұл күні партия Елбасы тапсырмаларын іске асыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқаруда. Партияның идеологиялық күн тәртібінің белсенділігі нығайды, жұмыс тәсілі мен форматы жаңартылды. Бұл бағытта заманауи саяси технологияларды енгізу арқылы партия жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін шаралар қолданылды.

«Нұр Отан» партиясы Парламенттегі депутаттар саны жағынан ғана емес, атқарған нәтижелі істері бойынша да жетекші партияға айналды. Себебі, адамдардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, артық сөзден ада. Олардың қатарында ІТ-мамандар даярлау, мектепте спорт алаңдарын салу, мектеп асханаларының жобасы, кедергісіз келешек, ағылшын тілін үйрету сияқты нақты жүзеге асырылып отырған әлеуметтік жобалар бар. Мыңдаған қазақстандық отбасылар алған әлеуметтік көмек, ағылшынша тегін білім, қарттарға жасалған қамқорлық, білім орталықтарында атқарылған ауқымды жұмыстардың барлығы «Нұр Отан» партиясының жұмыстарының бір парасы ғана. Елдің әл-ауқатын жақсарту үшін шағын және орта бизнесті өркендету де партияның назарынан тыс қалған емес.

Бұл күні Елбасы тапсырмаларын орындау барысында «Нұр Отан» партиясы бірнеше стратегиялық жобаларды қолға алды. Олардың қатарында цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған партиялық жобалар бар.

Салтанат ИЛЬЯШОВА,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Back to top button