Басты тақырыпЖаңалықтар

Кеме жасау чемпионы

Кеме моделін жасаған қарағандылық оқушылар Ресейде өткен әлем чемпионатында бес жүлдеге қол жеткізді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеме моделін жасау спортының «С» сыныбында көшірме модельдер жасаудан әлем чемпионаты Калининград қаласындағы дүниежүзілік мұхит мұражайында өтті. Чемпионатқа Франция, Германия, Швейцария, Қытай, Ресей, Украина секілді 15 елден 200-ден астам кеме моделін жасаушы оқушылар қатысты. Сайыс кеме моделін жасау спортының халықаралық федерациясында ұйымдастырылған. Оқушылар модел көшірмелерін жасаудан 8 техникалық сынып бойынша сайысқан. Бұл ретте қатысушыларға кеменің көлемін 40-200 сантиметрге дейін нақты көшіру талабы қойылған.

Ел құрамасы атынан қатысқан алты жеңімпаз Қарағанды спорттың техникалық түрлері мен техникалық шығармашылық бойынша облыстық спорт мектебінің оқушылары. Жаттықтырушы – Сергей Оконечников. Олар сайыста 5 медаль ( бір алтын, бір күміс, үш қола) иеленген. Чемпионатта қозғалтқыштары бар модельдердің С-6 сыныбы бойынша Руслан Брунер жеңімпаз атанды. Картон және қағаздан жасалған модельдер жасауда екінші орында С-7 сыныбы бойынша Максим Штульберг, қола жүлдені Алексей Шуваров, Алексей Смирнов және Александр Скорюпин жеңіп алды.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button