Жаңалықтар

Келесі қарсылас – «Спутник»

   ЖХЛ турнирінің кезекті турында «Сарыарқа» «Челметпен» кездесті. Челябіде өткен ойында жерлестеріміз 1:4 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші шайбаны Александр Борисевич салды. 3-ші минутта «Челметтің» қақпашысы Кузьминді қапы қалдыр­ды. 0:1.

Арада он минут өте «Сарыарқа» сапындағы тағы бір Александр (Зубрицкий) есепті еселеді. 0:2. Осы Зубрицкий 50-ші минутта және бір шайба соғып, қос голды өз есебіне жазды.

Ресейліктер де қарап жүрмеді. Константин Климонтов Гелашвили қорғаған қақпаны дәл көздеді. 1:2.

Ал, 58-ші минутта Айрат Зиязов есепті 1:4-ке жеткізіп, «Сарыарқаның» мықтылығын дәлелдеді.

Қарағандылық ұжым қазір турнир кестесінің 6-шы сатысында. Қоржында 48 ұпай бар. Көш басында қос петерборлық клуб – «Динамо» (68 ұпай) және «СКА-Нева» (55 ұпай). Өскемендік 38 ұпаймен 14-ші орында.

Бүгін «Сарыарқа» Төменгі Тағылда «Спутникпен» ойнайды.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button