Жаңалықтар

КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАС – «НЕФТЯНИК»

     Тауық жылының соңғы турында «Сарыарқа» пен­за­лық «Дизельмен» кездес­ті. Қарағандыда өткен матч жерлестеріміздің овертайм­дағы жеңісімен тәмамдалды.

Алғашқы кезеңде таблодағы есеп ашылмады. Қарсыластардың бағыттай соққан соққылары қақпаларға дарымады. Ал, екінші кезеңде қос тарап шайба алмасты.

23-ші минутта «сарыарқалық» Олег Ломако қақпашы Назаровты қапы қалдырды. 1:0.

Осы кезең аяқталғанша пензалықтар таразы басын теңестіріп үлгерді. Станислав Лопачук 40-шы минутта «Сарыарқа» қақпасынан саңылау тапты. 1:1.

Үшінші кезең нәтижесіз шабуылдармен өтіп, ойын овертаймда жалғасты. Сөйтіп, Олег Ломаконың буллит соққысы «Сарыарқаға» жеңіс әкелді. Жаңа жыл қарсаңында жанкүйерлерге тамаша тарту жасады.

«Сарыарқа» қазір 69 ұп­ай­­мен турнир кестесінің 5-ші сатысында. «Динамо», «СКА-Нева» (екеуі де Санкт-Петербург), «Зауралье» (Қорған) және «Нефтяник» (Альметьевск) ал­дымыз­да. «Сарыарқа» 8 қаңтарда соң­­ғысымен ойнайды. Матч Аль­метьевскіде өтеді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button