Жаңалықтар

Келелі келешек келбеті

     Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев «…қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деген болатын.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін баса айтты.

Бұл жазу – елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын танытатын негізгі көрсеткіш болып табылады. Өткен тарихқа көз жіберсек, латын әліпбиі тарихымызда 10 жылдай уақыт салтанат құрды. Сол кезеңде біздің елімізді көптеген мемлекеттер таныған болатын. Ал, қазіргідей қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде біз бұл жазуды қолдап, өркениетті де дамыған елдердің қатарына қосылуымыздың негізі болатын бірден-бір көрсеткіш екендігіне сенімдіміз. Себебі, латын әліпбиі әлемдегі болашағы зор және ең танымал жазулардың бірі. Сондықтан, Елбасының шешімін қолдап, оның ары қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет.

Латын әліпбиіне көшудің өзіндік логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты» деп Елбасы айтқандай латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Латын қаріптерін қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре алатынымызға күмән жоқ.

Қазіргі таңдағы жаңартылған мазмұндағы білім беруде, үштілді білім беру жүйесінің дамуында, үштілділікте ақпараттарға жастардың қолжетімділігін арттыруда ұсынылған латын әліпбиінің берері өте зор. Бұл процесс Қазақстанның білім беру жүйесін жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін.

 

Қорлан МУСЛИМОВА,

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button