Жаңалықтар

КЕҢЕС ҚҰРДЫ

    Жақында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі қаралды. Бұл мәселе бойынша Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Қ.Тілеубергенов, Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары С.Әлиұлы баяндама жасады.

   Жұмыс бар, әрине. Алайда, бөркімізді аспанға ататындай жағдай келмей тұр. Мемлекеттік тіліміз әлі есіктен сығалаған жайында. Мәселен, Шахтинск қаласына бара қалсаңыз, басқа мемлекетте жүргендей әсерде қаласыз. Өйткені, мұндағы көше атауларының барлығы дерлік орыс тілінде. Осындағы 214 көшеге ғана мемлекеттік тілдегі атау бұйырыпты.

   Сөз жоқ, Қарқаралы қазақы өңір. Соған қарап қазақшасы озып тұр деп тағы айта алмаймыз. Мемлекеттік тілді дамытамыз десек, қаржы салуымыз керек. Қарқаралылықтар осыны жадында ұстаулары керек.

   Жалпы, тіл жанашырлары атап өткендей, мемлекеттік қызметшілер аудармасыз жұмыс істегенде ғана көңілді демдеуге болады.

   Комиссияның 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары жөнінде Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Г.Қаңтарбекова баяндама жасады.

Төрехан МАЙБАС

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button