Карл Маркс көшесіне Қазыбек бидің есімі беріледі

    Өскемендегі Жібек маталар комбинаты (ЖМК) шағынауданындағы ең үлкен көшелердің бірі Карл Маркс даңғылына қазақтың әйгілі үш биінің бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаздауысты Қазыбек бидің есімі берілмекші. Облыстық соттың ұжымы мен ЖМК шағын ауданының ақсақалдар алқасы қалалық әкімдікке осындай ұсыныс білдіріп, хат жолдапты. Осыған орай Өскемен қалалық әкімдігінде қалалық мәслихат депутаттары мен шаһар тұрғындарының қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті. Қоғамдық тыңдауды жүргізген қалалық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалы төрағасының орынбасары Майраш Екібасова жиын барысында көше атауын қайта атауға қатысты ұсыныс бірауыздан қолдау тапқанын, тек бір депутат тарапынан «бұл шара сол көше тұрғындарының қалтасына салмақ салмай ма?» деген сауал қойылғанын, оған қала әкімінің орынбасары Ольга Булавкина тиісті жауап бергенін айтты.

Қалалық мәслихат депутаттары тарапынан қолдау тапқан ұсыныс енді республикалық ономастикалық комиссияда қаралады.

ӨСКЕМЕН.

(«Егемен Қазақстан» газеті. 22.12.2017).

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.