Спорт

Каратэшілер – жаңа белесте

    Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында каратэ-до шотокан бойынша әр түрлі жас аралығындағы балалар арасында республикалық чемпионат өтті.

Балалар ката және кумитэ бойынша бақ сынасты. Республикамыздан 18 команда қатысқан бұл сайыста барлығы 200-ге тарта бала қатысты. Облыс Федерациясының байрағын Теміртау қаласының (Т.Шматова), Балқаш қаласының (В.Сапрыгин) және Қарағанды қаласының(Т.Алшынова) командалары көтеріп шықты. Балқаш қаласы  командасы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері мен «Восток» жекпе-жек өнер мектебінің шәкірттерінен құралды. Ұзын саны 15 баламен толыққан команда облыс құрамасының қоржынына  37 медаль салды. Оның жетеуі – І орын, ІІ орынның медальдері – 16, ал, ІІІ орын медалінің саны – 14-ке жетті. Команда сапында шеберлік танытқан Ульяна Кеңесқалиева бағдарламаның 4 түрі бойынша бақ сынап, үш дүркін Республика чемпионы атағына және күміс медальге ие болды. Сондай-ақ, ҚР чемпионы және күміс медаль иегері атағын Арғын Тиышбек иеленді. Әнел Меркеева мен Арсен Тұрағабұлов екі күміс, екі қола медаль еншілеп,  Константин Орлов екі қола медальдің иесі атанды. Бір күміс, екі қола медальді  қанжығалаған Кирилл Лидің де қуанышында шек жоқ. Командалық ката бойынша Мирас Әуез, Нұртілеу Мұрат, Әли Қошқаровтар үш қола медальді қоржынымызға тоғытып, Света Филиппова кумитэ бойынша қола медаль иеленді.

Теміртау командасындағы Александр Иванов, Медет Кибадуллаев және Владислав Истомин командалық ката бойынша 2 орынды  иемденді. Фаизмамад Оджимамадов, Рамазан Яхияев және  Мағауия Сұлтандар ката бойынша 2 орын тұғырынан көрінді. Кумитэден Фаизмамад Оджимамадов күміс алқа тағынса, Рамазан Яхияев мен Мағауия Сұлтандар қоланы місе тұтты.

Қарағанды қаласының атынан шыққан команда балалары да жоғары деңгейде өнер көрсетті. Кумитэ бойынша Республиканың екі дүркін чемпионы және ката бойынша күміс медаль иегері атағын Аруана Құрар жеңіп алды. Валерия Рудакова катадан күміс, кумитэден қола медальді еншіледі. Республикалық деңгейдегі жарыста бақ сынап, тәжірибе жинақтаудың өзі үлкен нәтиже. Шәкірттеріміздің жарыс жолына шығуына қолдау білдірген ата-аналарға алғысым шексіз. Әсіресе, мықты шәкіртімнің әкесі Еркебұлан Айғалиевқа ерекше алғыс білдіремін.

В.Сапрыгин,

облыстық Каратэ-до шотокан ұлттық федерациясының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button