Бас тақырып

Канвон-2024: бүгінгі күннің нәтижесі

Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында отандастарымыз бүгінгі жарыс күнінде жаман нәтиже көрсеткен жоқ. 3х3 хоккейден Қазақстан командасы кезекті матчын өткізіп, екінші жеңісіне қол жеткізді. Ал, қыздар арасында шорт-тректен сынға түскен отандасымыз Полина Омельчук пен Анастасия Астраханцева, ұлдар арасында Мейіржан Төлеген ширек финалға жолдама алды.

Суреттер: olympic.kz сайтынан

Отандық жас хоккейшілер Тайбэйден келген қарсыластарын 14:2 есебімен жеңді. Енді топтағы соңғы екі ойынды Қазақстан құрамасы Испания мен Ұлыбританияға қарсы өткізеді.

Ал, конькимен 500 метрге жүгіруден қыздар арасындағы сында екі спортшымыз алғашқы ондыққа енді. Кристина Шумекова – VII, Алина Шумекова – X орынға табан тіреді. Бұл сында Нидерланд спортшысы топ жарды. ІІ орынды – Оңтүстік Корея, ІІІ орынды – Жапония спортшысы иеленді. Ұлдар арасындағы бәсекеде сынға түскен жерлесіміз Руслан Жанәділов – XIV, Михаил Матрюхин – XVIII орыннан көрінді.

Тау шаңғысынан спортшылар супер гигант пен слалом бойынша сынға түскен болатын. Тартысты бәсекеде қазақстандық Александра Скороходова Х сатыға табан тіреді. Алтынды – Австрия спортшысы иеленсе, Италиялық спортшы күміспен күптелді. Қола жүлде даниялық спортшының қоржынына түсті.

Қыздар арасында шорт-тректен 500 метр қашықтық бойынша бақ сынаған отандасымыз Полина Омельчук пен Анастасия Астраханцева ширек финалға өтті. Ал, ұлдар арасында Мейіржан Төлеген ширек финалға жолдама алды. Тағы бір отандасымыз Ерасыл Шыңғысхан өкінішке қарай жарыс жолынан шығып қалды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button