Спорт

«Канеломен» кездесер күн жақын

    16 қыркүйек күні өтетін Геннадий ГОЛОВКИН – Сауль «Канело» АЛЬВАРЕС кездесуі АҚШ-тағы 400 кинотеатрда көрсетілетін болды. Бұл туралы мексикалық боксшының промоутері Оскар Де Ла ХОЙЯ мәлімдеді.

Жекпе-жек кинотеатрларда тікелей эфирде таратылады. Қарсыластар Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile» спорт сарайында жұдырықтасады.

«Канело» осал қарсылас емес. Кәсіпқой карьерасында 51 жекпе-жек өткізген. Оның 49-да жеңіске жетіп, 34 қарсыласын есінен тандырып, сұлатып салған. Бір рет жеңіліп, бір мәрте тең түскен.

Көптен күткен бұл кездесу Астана уақыты бойынша 17 қыркүйек күні таңғы сағат 9.00-ден бастап қазақстандық көрермен назарына ұсынылады.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button