Жаңалықтар

Кәсіптен нәсіп тапқандар қанша?

2016 жылғы II тоқсанда орта есеппен алғанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын облыстың шағын кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны 74640 адамды құрады. Жұмыспен қамтылғандар санының ең көбі – көтерме және бөлшек саудада. Ал, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында шоғырланғандар – 25,7%, өнеркәсіпте – 19,9%, құрылыста – 16,1%. Бұл туралы облыстың статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сонымен қатар, статистикалық деректер 2016 жылғы II тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 77072 теңге болғанын хабарлайды. Ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу қызметкерлерінде анықталған. Оның көлемі – 143613 теңге. Ең төмен – әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар қызметкерлерінде – 48486 теңге.

«2016 жылғы II тоқсанда өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтер көлемі қолданыстағы бағамен 94,4 млрд. теңге. Өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінде өнеркәсіп кәсіпорындарының үлес салмағы – 33,6%. Құрылыста – 21,5%, көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде – 20,3%.

2016 жылғы II тоқсанда өнім өткізу мен қызмет көрсетуден түскен кіріс қолданыстағы бағамен 201,8 млрд.теңгеге жеткен» делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button