Жаңалықтар

Кәсіподақ жұмысы ауқымды

    Бүгінде кәсіподақ орталығы және облыстық кәсіпорындар мен ұйымдардағы қызметкерлерді кәсіподаққа тарту, кәсіподақ мүшелерін қорғау және кәсіподақ жұмысын жандандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқаруда. Бұл туралы «Қарағанды облыстық Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Любовь   ҚУАНЫШБЕКОВА аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

– Біздің кәсіподақ орталығы жұмыскерлердің жанашыры әрі олардың құқығын қорғайтын ұйым болып табылады. ҚР «Кәсіподақтар туралы» Заңының негізінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары федерациясының шешімімен өткен жылдың қаңтар айынан бастап облыстық кәсіподақ орталығы құрылды. Сонымен қатар, облыстық кәсіподақтар орталығының үйлестіру кеңесі құрылып, жұмыс жоспары бекітілген. Жергілікті атқарушы органдармен кәсіподақ және өнеркәсіп басшыларының арасында өндірістік процесті бірыңғай қалыпқа келтіру және еңбек құқығын сақтау бойынша меморандумға қол қойылып, жұмыстар жалғасуда. Осы жылдың 1 қыркүйегінде өндіріс кезінде асыраушысынан айырылған отбасы жәрдемақысы, әлеуметтік жеңілдіктер, демалыс күндері, сыйақы сынды шарттар заңдық күшін жойғанына байланысты көптеген алаңдаушылықтар туындаған. Соның ішінде, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының бас директоры «Парамжит Калон» ұжымдық шарттың қолданысын ұзарту турасында келісімге қол қойылды. Бұл құжат 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. Қалған 3 ай мерзімінде компания әкімшілігімен «Қорғау» және «Жақтау» кеншілер кәсіподақтары уағдаласып, мәмілеге келуі қажет. Келісімде тараптар ымыраға келмеген жағдайда қолданыстағы құжаттың мерзімі 2018 жылға дейін созылатындығы көрсетілген. Қазіргі таңда кәсіподақ орталығында қоғамдық қабылдаулар өткізу үзіліп көрген емес. Келген өтінішті қарап, ұсынысты талқылауды да бірінші кезекке қоямыз. Айта кетейін, 172 ірі кәсіпорын ұжымдарымен, 465 орта кәсіпорын және 18612 шағын кәсіпорындармен келісімге келіп, қоян-қолтық жұмыс жүргізуде,– деді Любовь Қуанышбекова.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button