Шахтинск
Кәсіпкерлікке – кең өріс
Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы Шахтинск қалалық филиалының биылғы 9 айдағы қызметін оның директоры Ж.Ибраев Шахтинск аймағының кәсіпкерлерімен өткен есеп беру кездесуінде қорытындылады.
Ж.Ибраев «Бизнес кеңесші», «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» оқу бағдарламалары арқылы «Бизнес-өсім» жобасы бойынша 241 адам оқытылғаны туралы баяндады. Бүгінгі таңда «2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту өнімділігі және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасы бойынша «кәсіпкерлік негіздеріне» оқытуға 49 тапсырыс келіп түскен.
Филиал мемлекеттің қолдауымен 1 млрд. 18 млн. теңгеге 50 жобаны іске асырған.
Өз тілшімізден.
ШАХТИНСК қаласы.