Кәсіпкерлік қанат жайып келеді
Отандық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Үкімет тарапынан қолға алынған жобалардың нәтижесінде Егіндібұлақтағы ет өнімдерін шығаратын «Балқантау» цехының бүгінде жұмысы жандануда.
Сиыр, жылқы етінен жасалған шұжық пен консервіде бұқтырылған ет өнімдерімен толыға түсті. Қазіргі кезде шұжықтың 1 келісі 1650 теңге болса, 340 грамдық консерві 500 теңгеге бағаланып отыр. Тауардың бұл түрлерін жасау үшін 3 млн. теңгеге жаңа қондырғылар сатылып алынған. Өнімнің бұл түрлері бүгінде цехқа қарасты дүкендерде сатылымға шығарылған. Бұл шаруаларды 20 адам атқаруда. Көршілес елді мекендерден бастап, Қарағанды қаласының дүкендерінде бар. Сонымен қатар, цех басшысы Өмірзақ Қапсаттаровтың айтуынша, Теректідегі кен байыту комбинатымен келісім-шарт жасалған. Ендігі уақытта «Балқантаудың» өнімдері «Алтайполиметалл» кәсіпорны жұмысшыларының ауқатына айналмақ.
Сағыныш ӘБІЛОВА
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.