Жаңалықтар

Абаттандыруға жұмсалған қаржы – болашаққа салынған инвестиция

Мемлекет басшысы елді мекендерді абаттандыру мен тазалықты сақтау қоғамның дамуына тікелей әсер ететін маңызды фактор екенін айтты.

Сурет Ақордадан

Президенттің пікірінше, көрікті әрі жайлы қала кеңістігі тұрғындардың мәдениеті мен жауапкершілігін арттырып, қоғамдық тәртіпке оң ықпал етеді.

«Абаттандыру ісіне жұмсалған қаржы – халқымыздың болашағына жасалған инвестиция», – деді Мемлекет басшысы.

Ол тазалықтың азаматтардың өз қадір-қасиетін сезінуіне және болашаққа деген сенімінің артуына ықпал ететінін атап өтті. Көшелердегі тазалық пен тәртіп қоғамды жасампаздыққа ынталандырып, әлеуметтік оптимизмді күшейтеді. Бұл өз кезегінде елдің әл-ауқатының артуына әсер етеді.

Мемлекет басшысы қоғамда әлеуметтік масылдықтан арылып, жауапты серіктестік қағидатына көшу қажеттігін айтты.

Оның сөзінше, елдегі оң өзгерістер ең алдымен қарапайым істерден басталады. Бұл тұрғындары белсенді әрі жаңашыл әкімді сайлаған ауылдан, өз үйінің мәселесіне жауапкершілікпен қарайтын мүлік иелері бірлестіктерінің жұмысынан, сондай-ақ азаматтарға қолдау көрсететін волонтерлік және қайырымдылық бастамалардан көрінеді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button