Жаңалықтар

Кәсіпкерлермен кеңесті

          Сәтбаев қаласының әкімі Асқар ЫДЫРЫСОВ кеншілер шаһарында жеке бизнес саласын одан әрі дамыту, сол талаптан туындайтын мәселелерді түбегейлі талқылау және соған орай оңтайлы шешімдер қабылдау мақсатында кәсіпкерлер қауымымен кездесіп, ашық пікір алмасты.

Өзінің кіріспе сөзінде қала басшысы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айқындалған міндеттер ауқымы туралы сөз қозғап, кездесуге қатысушыларды қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырды.

– Біздің басты міндетіміз – кәсіпкерлердің қарымды қызметі үшін қолайлы жағдай тудыру. Осы орайда жеке кәсібімен шұғылданушыларға олардың сұранысына сәйкес, қажетті ақпараттар мен кеңестер беру мүмкіндігі өте мол, – деді Асқар Абылайұлы. – Қалада қазіргі уақытта азық-түлік өнімдерін, құрылыс материалдарын, халықтың қажетін өтейтін басқа да тұрмыстық тұтыну заттарын өндіру сұранысқа ие. Кәсіпкерлер осынау қажеттілікті қаперіне алса, екіжақты тиімділік белең ала түсер еді.

Кездесу барысында жеке кәсіп иегерлерін толғандыратын өзекті жайттар кең тұрғыда талқыланып, ортақ ұстанымдағы тұжырымдар жасалды.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button