Жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіледі

Облыстың білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиевтің айтуынша, қашықтан оқыту барысында көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетіледі.

Мәселен, “үш бала үй жалдап тұратын болса, жеңілдік қарастырыла ма?” деген сауалға облыстық білім басқармасының басшысы:
– Аталған мәселемен мектеп басшылары тікелей айналысады. Оқушылар алдымен мектеп басшысына, сынып жетекшісіне жағдайды ескертуі тиіс. Әлеуметтік жағдайы төмен немесе аз қамтылған көпбалалы отбасыларға мектеп қорынан көмек көрсетіледі, – деп жауап берді.
Айта кеткен жөн, қазіргі таңда көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 1915 бала демеушілік қаражат пен бюджет есебінен интернет байланысымен қамтамасыз етілді.

Басқа материалдар

Back to top button