Көнеден жеткен сөз сыры

Сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету, сөз мағынасын айыра білуге жаттықтыру газетіміздің басты ұстанымына айналғанына бірнеше жылдың жүзі болды.

Мағынасы жуық, мағынасы қарама-қарсы, дыбысталуы бірдей сөздер туралы түсіндіру, ерекшеліктерін ұғындыруды айтпағанда көнерген сөздерді жаңғырту мақсатында ел аузында көп айтылмайтын сөздердің түп-төркінінің шығуы туралы сауалымызды жолдап келеміз. Ауызша, жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденімпаздыққа, ойлауға, тәрбиелеуміз есіңе сақтап, көкейіңе жаттап алсын деген емеурініміз.

Сөз дегеніміз қандай да бір заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы. Бүгінгі сауалымыз­ға жауап іздеп көріңіздер.Тапқыр болсаңыз – таласымыз жоқ. Ежелден қолданыста болған «Қарабуралау» сөзінің мағынасы не?

Әзірлеген Нұрдос КӘРІМ.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.