Спорт

Күміс жүлде – айтулы меже

    Тайланд астанасы Бангкокте спорттық гимнастикадан өткен Азия чемпионатында қарағандылық Дарья ЯСИНСКАЯ күміс жүлдені олжалады.

Дарья 24 елден келген жас­өспірім спортшылармен бәсе­кеге түсті. Қолды тіреп секіру сынында екінші көрсеткішті бағындырды. Қазақстаннан барған қыз­дар арасында жалғыз жүлдегер атанды.

Бүгінде Дарья Қарағандыдағы гимнастикаға маманданған БЖСМ-де тәлім алады. Спорттық гимнастикадан спорт шеберлігіне үміткер. Бапкерлер – Марина Тациева мен Наталья Альхованың қарауында жаттығады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Басқа материалдар

Back to top button