Спорт
Күміс те қоржында
Сүйінші! Ел қоржынында – тағы бір медаль. Дзюдошы Әнуар САРИЕВ Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында күміс иеленді.
Ақтық сында 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы әзірбайжандық Вугар Ширинлиден есе жіберді. Жартылай финалда Әнуар Венесуэла өкілі Маркос Бланкомен күресіп, иппон тәсілімен таза жеңіске жеткен болатын. Айта кетейік, Әнуар Сариев 1992 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Ол – паралимпиадалық дзюдодан Қазақстан Республикасы құрамасының мүшесі. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің дене шынықтыру факультетін бітірген. Көлік апатынан кейін көру қабілеті нашарлаған.
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ.