Көмір өндірісіндегі тың бағыт

    Шахтинск қаласы аймағында «Ақ жарық көмір» ЖШС биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап өз жұмысын бастады.

Атқарушы директор Асқар Сұлтанбековтің айтуынша, қазіргі кезде кәсіпорында анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, пайдалы қазбаларды жауып жатқан тау жыныстарынан аршу жұмыстары атқарылуда. Жыл соңына дейін «Қарағанды облысындағы В.Ленин атындағы шахта учаскесінде желдеткіш көкжиегінен жоғары Д6 қабаты бойынша тас көмір шығару» инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Оны іске асыру нәтижесінде 70 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Көмірдің сапасын (энергия көлемі, күл үлесі) анықтау үшін көмір сынамасы Ресейдің Новокузнецк қаласына сараптамаға жіберіледі. Сараптама нәтижесін алғаннан кейін жақын он жылда тоқтаусыз көмір шығару жұмысы ретке келтіріледі. Негізгі тұтынушылар –  металлургия бағытындағы кәсіпорындар.

Өз тілшімізден.

ШАХТИНСК қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.