Көліктен ұрлық жасаған күдікті құрықталды
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері көліктен ұрлық жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамды ұстады.
Тергеу барысында күдіктінің бір тәулік ішінде екі көліктен мүлік ұрлағаны анықталды. Алғашқы жағдайда ол ГАЗель көлігінің құлыбын бұзып, құралдар жиынтығын, домкратты және монтаждауышты қолды қылған. Бірнеше сағаттан кейін автотұрақта тұрған басқа көліктің багаж бөлігінен балғамен бұрғылау, тегістеуіш және бұрағыш сияқты құралдарды ұрлап кеткен.
Күдікті өз кінәсін мойындады, ал ұрланған заттар тәркіленіп, дәлелдеме ретінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу барысында оның осындай төрт ұқсас қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 745 мың теңгені құрады.
Барлық анықталған фактілер бір өндіріске біріктірілді, тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz