Балқаш

Көлде отырып шөлдейміз бе?

Нұрдос КӘРІМ,

Балқашта суару жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Қаланы абаттандыру, көгалдандыру жобасы аясында жергілікті бюджет есебінен бір бөлігін қайта жаңарту мамырда аяқталады. Бұл жөнінде қала әкімі Ораз ТӘУІРБЕКОВ хабарлады.

– Өздеріңіз білесіздер, қаламыздағы суару жүйесі ұзақ уақыт бойы толық жұмыс істемеді. Бұл жағдайдың басты себебі – желілердің тозуы. Ағымдағы жағдайды бағалайтын болсақ, суару жүйесін қалпына келтіру үшін айтарлықтай ресурс қажет. Биыл қалалық бюджет есебінен «Балқаш Су» КМК сол жақ жүйені қалпына келтіруді аяқтайды. Ол 12 мектеп пен балабақшаны, 8 әлеуметтік нысанды, 5 саябақ пен алаңды және суару жүйесі бар қаланың 20 шақты басты көшелерін қамтиды, – деді қала басшысы.
Сонымен қатар, биыл суару жүйесінің оң жақ тармағын жаңалау үшін мемлекеттік сараптамадан өткізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу және тапсыру аяқталады. Жоба құны 450 млн. теңгеге бағаланды. Оны іске асыру келесі жылға жоспарланған. Балқаш ЖЭО-дан Қоңырат ықшам ауданына дейінгі 17 шақырымдық жаңа магистральді желі құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру басталады.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button