Руханият

Көктем шуағы – көрмеде

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Көктемгі блюз» есептік көрмесі ашылды. Дәстүрлі түрде 12 сәуір – Дүниежүзілік суретшілер күніне орай шымылдығы түрілетін экспозиция 23 сәуірге дейін жалғаспақ. Шараны ұйымдас­тыруға атсалысқан суретші, сәулетші әрі фотограф Владимир Троценко бұл көрменің басқаларға қарағанда ерекше екенін айтады.

Сурет: кейіпкердін жеке мұрағатынан

Музыка һәм шығармашылық суретшінің қос қанаты іспетті. Ал, өнер мәнінің тереңдігі сонша, өмірдің барлық саласын қамтиды. Көктем ару – қысқы демалыстан кейін тағы да сахнада. Суретшілер бейнелеу өнері әлемінің жағалауына жаңа ғана жетті. Сондықтан, оларға шығармашылық туралы көсіле кету өте қиын. Пейзаж жазу – бұл белгісіздік пен жаңа кеңістік пайда болатын қиял әлемімен қауышу іспеттес. Өнер – өмір философиясы, басқалар үшін – жан ләззаты. Әрқайсысы өзінше дұрыс, өйткені картина, мүсін сынды суретшілердің әлемге сұлулық пен эстетика сыйлайтын барлық әрекеті – өнер.

Қазақстан Суретшілер одағының облыс­тық бөлімшесін басқаратын Айдархан Сейтмаханұлы көрмеде бірқатар жұмысын ұсынды. Атап айтсақ, «Басқарылатын хаос» деп аталатын ағаштан, металдан жасалған мүсіндер. Оларды жасауға соңғы бірнеше жылда әлемде орын алған оқиғалар әсер еткен. Бұл мүсіндер интерьерде лайықты орын алды. Металл сынықтарынан жасалған геометриялық фигуралардың ішкі кеңістігі ретсіз болса да, олар қатаң реттелген квадрат, цилиндр, шеңбер пішінінде салынған.

Суретшілер одағына жаңа мүшелер әлі қабылданбаған. Бірақ, тілек білдірген түрлі авторлар бар, олармен шығармашылық байланыс орнатылуда. Одаққа қабылдау кезінде кәсіби білімнің болуы маңызды. Қойылатын талаптар да қатая бастады. Көрме қызметін жүргізу, шығармашылық байқауларға, құрама көрмелерге өз қаласы мен облысында ғана емес, республикалық және халықаралық деңгейде қатысуға міндетті. Қоғамдық жұмыс­тарға қатысуы және әлеуметтік желілердегі белсенділігі де маңызды.

– Өткен жылы Суретшілер одағының рес­публикалық съезінде шебер қолөнершілерге қатысты талқыланған мәселе бар. Кейбір адамдар біздің одаққа да, Қолөнершілер одағына да мүше. Қолөнерден гөрі бейнелеу өнерін көбірек көрсететін шебер Суретшілер одағына кіре алатындығын айтқан жөн. Одаққа кірмес бұрын біз оның кандидатурасын қарастырамыз, кейін ол жиналыста талқыланады. Сосын құжаттарды республика деңгейінде іріктеуге жібереміз. Бірақ, кандидаттардың 55-60% пайызы республикада өтпей қалады. Іріктеу – өте қатал, – деп бөлісті Айдархан Сейтмаханұлы.

«Көктемгі блюз» экспозициясына авторлар өздері таңдаған жұмыстарын ұсынған. Олардың барлығы түрлі жанрларда, сондықтан көруге және зерттеуге тұрарлық туындылар көп. Жалпы, биыл одақ филиалының жұмыс кестесі тығыз екен. Алда Қуат Асқаровтың, Петр Кишкистің мерейтойлық көрмелері, сондай-ақ, одаққа кірмеген суретшілер қатыса алатын желтоқсан айындағы есеп беру көрмесі бар.

«Алтын ғасыр» Қарағанды галереясы шығармашылықта жаңа есімдер ашуда үлкен роль атқарады және Суретшілер одағы осы экспозицияларды қадағалап отырады.

Әрине, қарағандылық жас суретшілердің арасында шет елге кетіп қалатыны да бар екен. Сондықтан, олардың жағдайын да ес­кер­ген жөн.

Көрменің ашылуында қонақтар көп болды. Жұмыс авторлары, олардың достары, туыс­тары, Е.Бөкетов атындағы ҚарУ студентте­рі болашақ суретшілер мен дизайнерлер, оқытушы әрі өнертанушы Лариса Золотаревамен бірге келді. Мұражай директоры Бибігүл Құдабаева көрмеге келушілерді суретшілер күнімен әрі Ғарышкерлер күнімен де құттықтап, әр суретшінің өнердің зерттелмеген әлемін ашатын ғарышкер екенін атап өтті. Мұрат Қалқабаев та экспозиция туралы жылы лебізін білдірді. «Әр жұмыс – ерекше әлем көрме ашылған күні шығармашылық бағытта білім алатын студенттер де, жалпы жастар да олармен танысуға мүмкіндік алғаны керемет» деп бөлісті Лариса Романовна.

Аталған көрмеге кіру билетінің бағасы – 100-ден 500 теңгеге дейін. Экскурсоводпен экскурсияға билет құны (бір адам үшін) 700 теңге тұрады. Жұмыс күндері мұражай сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.

Жәлел ШАЛҚАР,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button