Көк Туды желбіреткендерге құрмет
Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен бұдан былай елеулі нәтиже көрсеткен спортшылар өмір бойы ай сайын материалдық көмек алады.
Олардың қатарында Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегерлері, сондай-ақ, олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионы атағын жеңіп алған спортшылар (100 айлық есептік көрсеткіш, ол 2023 жылы – 345 000 мың теңге), Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегерлерінің, сондай-ақ, олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған спортшылардың жаттықтырушылары (100 айлық есептік көрсеткіш) бар. Материалдық қамсыздандыру республикалық бюджет қаражаты есебінен дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалары арқылы төленеді.
Допинг қолданған немесе қолдануға әрекет жасаған жағдайда спорттық нәтиже жойылып, өмір бойғы төлем тоқтатылады.
Бұйрық 2023 жылғы 16 шілдеде күшіне енеді.
Қызғалдақ АСҚАРҚЫЗЫ,
Ortalyq.kz