Руханият

Күй қанатындағы құндылық

Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің қолдауымен қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында ұлы күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай «Күмбірле күй, күмбірле…» атты кеші өтті.

Кеш Құрманғазы Сағырбайұлының өмір жолын, күйлердің шығу тарихын таныстыру арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеп, күйлердің тәрбиелік мәнін ұғындыра отырып, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатын көздеді.

Іс-шараға Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің ардагері, домбырашы Тұңғышбай Игенбеков, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенттері мен «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының ұстаздары, оқушылары, «Белсенді ұзақ өмір сүру» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мүшелері, кітапхана оқырмандары қатысты.

Жиынды тізгіндеген «Өлкетану бөлімі­нің» меңгерушісі А.Төлеуханова күй атасы Құрманғазының өмірі мен шығармашылығы, ұлттық музыканың ерекшелігі, мазмұны жөнінде мол мәлімет берді.

Шара барысында Т.Игенбеков Құрманғазы Сағырбайұлының бірнеше күйінің шығу тарихы жайлы әңгімелеп, күйлерін орындады. Бұдан бөлек, Тәттімбет өнер колледжінің студенттері Қ.Сағырбайұлының «Балбырауын», «Терісқақпай», «Адай» күйлерін орындады. Ал, Абай атындағы мектеп-гимназия оқушылары Ислам Таңатов «Көрұғлыны», Нұрсұлу Наукенова «Әке арманын», Аружан Бағдат «Темірбектің төкпесі» күйін күмбірлетті.

Күй өнері туралы сұрақтар қойылып, бейнеролик көрсетілді. «Күй тәңірі – Құрманғазы» атты кітап көрмесі, «Күй атасы – Құрманғазы» атты бейнежазба және даңқты күйшінің өнегелі өмір жолына арналған деректі фильм қатысушылар назарына ұсынылды.

Жәлел ШАЛҚАР,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button