Ұйымшыл ұжым
Сарытөбе негізгі орта мектебінде сауапты жұмыстар жиі жүргізіледі. Ұжым ұстаздарының ұйымшылдығының арқасында республикалық «Мектепке жол» акциясы аясындағы шара «Балаларға бірігіп көмектесейік» ұранымен өткізілді.
Акцияда жаңа оқу жылында дайындық уақытында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады. Биылғы акцияға Сарытөбе ауылындағы 10 жеке кәсіпкер және 24 ұстаз қатысып, 39 100 теңгенің оқу құралдары мен киім-кешегін сыйға тартып, ақшалай және заттай көмек көрсетті. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер 20 600 теңгеге ақшалай көмек берді. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасындағы оқушыға жылы аяқ киім беріліп, 15 оқушыға оқу құралдар, мектеп формалары, сөмке үлестіріліп берілді. Мектеп басшысы Н.Әмірбеков және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Айнекованың басшылығымен оқушылармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің соңында көмек берілген оқушылардың ата-аналары жеке кәсіпкерлер мен мектеп мұғалімдеріне Алғыс білдірді.
А. ЖАГСАЛАХ,
Сарытөбе негізгі орта мектебінің әлеуметтік педагогы.
БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.