Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды облысының құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Мақсат Мұқашев Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Оның кандидатурасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен келісілген.

Сурет облыс әкімдігінің ресми сайтынан

Жаңа басшының мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі мол. Ол еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында экономист болып бастаған.

Әр жылдары Мақсат Мұқашев облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бас маман, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінде инспектор, экономикалық даму және талдау бөлімінде бас маман қызметтерін атқарды. 2016-2021 жылдары осы бөлімге жетекшілік етті.

Кейін мемлекеттік қызметтегі тәжірибесін көлік саласында жалғастырып, Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, кейін басқарма басшысы болды.

Жаңа басшыны ұжымға таныстырған Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев оның мемлекеттік органдардағы тәжірибесі мен кәсіби білімі жаңа қызметінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button