Бұқар жырау"Таза Қазақстан"Аймақ

Бұқар жырау ауданында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының маусымы жабылды

Ботақара кентінде «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының еңбек маусымы жабылды. Сондай-ақ, “Таза Қазақстан” акциясын қолдаған қатысушылар 1 маусымнан 31 тамызға дейін Ботақара, Ғабиден Мұстафин, Қушоқы кенттерінде, Доскей, Ростовка, Көкпекті, Үштөбе және Петровка ауылдарында жұмыс істеді.

Сурет ұйымдастырушылардан

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыру жобасы жастарды уақытша жұмыспен қамтуға, әлеуметтік осал санаттағы жас азаматтарды қолдауға, экологиялық тәрбие беруге, аудан аумақтарын көгалдандыру мен абаттандыруға бағытталды.

Жасақ сарбаздары үшін заңнамада белгіленген жұмыс уақытының талаптары сақталды. 14-15 жастағы жасөспірімдер үшін аптасына 24 сағаттан аспайтын, ал 16 жастан асқан жастар үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленді.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жобасының іске асырылуы Бұқар жырау ауданының 200 жас тұрғынын маусымдық жұмыспен қамтуға, оларға алғашқы еңбек тәжірибесін алуға, жауапкершілік пен командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Белсенді әрі еңбекқор сарбаздар Бұқар жырау ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы

Автор: Ержан ИМАШ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button