Әйел ағзасына пайдалы тағамдар
Қызанақ. Әйелдер міндетті түрде қызанақ жеуі керек. Оның құрамында жүрек ауруы, кеуде ісігінің алдын алатын ликопин бар.
Зығыр майы. Оның құрамында жасұнұқтың құрамына кіретін майлы омега-3 қышқылы көп. Қан құрамындағы холестерин қалыпты болуы үшін күніне 2 ас қасық ішу керек.
Орамжапырақ. Ол иммунитетті нығайтып, сүйекті мықты етуге көмектеседі. Қызыл балық пен лосось балығында күйзеліспен күресуге көмекші майлы қышқылдар көп. Күніне 30 грамм грек жаңғағын жеп, сүйектеріңізді мықты ете аласыз. Ал йогурт асқазан мен ішекті қалыпқа келтіреді.
Ашытқан қырыққабат. Бұл әйел ағзасы үшін ең пайдалы тағам. Ол ас қорыту жүйесін қалыпты ұстайды.
Одан кейінгі пайдалы тағамның бірі – авокадо. Оның құрамында шаш пен бет терісіне пайдалы дәрумендер бар. Ал, құрамындағы заттар қандағы қажет емес холестериннен арылуға көмектеседі.
Киви. Кивидің көмегімен бетіңіз жас әрі жұмсақ қалпын ұзақ уақытқа сақтайды. Сыр мен қозықұйрық та (шампиньон) әйел адамның ағзасына өте пайдалы.