Үй карантині қаншалықты маңызды?

Қазір әлем елдері коронавирустың таралу қарқынына алаңдап отыр. Мұндай кезеңде қауіпсіздікті сақтау дәрігерлер мен биліктің ғана емес, әр адамның өз қолында. Сондықтан да індет тараған елден келген азаматтар үй карантинін барынша қатаң сақтауы және мәжбүрлі оқшаулау шараларына түсіністікпен қарауы тиіс.

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санақ комитетінің қаулысына енгізілген өзгерістер бойынша Қытай, Иран, Италия және Оңтүстік Корея мемлекеттері «1А» санатында. Бұл елдерден келген азаматтар 14 күндік карантинге орналастырылады. Ал, «1Б» санатындағы (Франция, Германия, Испания) мемлекеттерден келсе 14 күнге үй карантиніне орналастырылады.

Үй жағдайында оқшауланған азаматтар осы уақыт ішінде үйге туыстары мен достарының келмесуін қадағалауы тиіс. Сонымен қатар, оларға медициналық қызметкерлер күн сайын қоңырау шалып, шағымдардың, клиникалық симптомдардың жоқ-жоғын сұрайды. Симптомдар пайда болған жағдайда тұрғылықты жері бойынша емханаға хабарлау керек. Дәрігерлер қажет болған жағдайда үйге келіп, тексеру жүргізеді.

Үй карантинінен қорқудың қажеті жоқ. Бұл қазіргі жағдайда қажетті режим. Карантин аяқталған соң екі санат бойынша оқшауланған азаматтардың хал-ахуалын дәрігерлер 10 күн бойы бақылауда ұстайды.

Қазақстанға вирустың ену жағдайы тіркелген жоқ. Үкімет оның алдын алу және таралуына жол береу үшін қажетті шараларды қабылдауда. Атап айтқанда, коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды іске асырылуда.

Қазіргі таңда үй карантинін бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселесі қарастырылуда. Яғни, егер үй карантині бұзылған жағдай анықталса, онда аумақтық емхана тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетіне, ал олар тиісті органдарға шағым береді.

Біздің азаматтық жауапкершілігіміз, тәртіптілік, қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерінің нұсқаулықтарын нақты орындау коронавирустың елімізге енуіне қарсы тұруға және бізді еліміздің аумағында оның таралуынан қорғауға көмектеседі.

Біздің санамыз — біздің қауіпсіздігіміз.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі