Руханият
Ізгіліктің анық көрінісі
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» айтқанындай, қайырымдылық – адам жанының нұры. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік қасиеттерінің бірі.
Жылдағы дәстүрге орай, №56 негізгі орта мектепке Жамбыл атындағы №7 мектеп-гимназиясының мұғалімдері, оқушылары келіп, шағын концерттік бағдарламаларын ұсынды. Қайырымдылық көмектерін де көрсетті.
Бұл күн өте әсерлі өткізіліп, көптің жүрегіне жылылық, адамгершілік қасиеттері себілді. Көмек алған жас буын мен ата-аналары дән риза болып, алғыстарын жаудырды. Осындай тәрбиелік мәні бар шаралар жалғасын таба береді.
А.ГОМАРОВ,
№56 негізгі орта мектеп директоры.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.