Жаңалықтар

Ізгілік ордасындағы игі істер

    Жақында Қарағанды облысының делегациясы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығының 20 жылдығына арналған «Өзін-өзі тану: Махаббат және шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы халықаралық педагогикалық форумға қатысты.

Республиканың осы маңызды оқиғасына «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы филиалының сертификатталған тренері Ж.Қантарбаева, білім басқармасының бас маманы Ж.Сүйімбаева, «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын енгізу бойынша Қарағанды қаласындағы пилоттық ұйымдарының: «Бәйтерек», «Мерей» балабақшалары, №92 мектеп-гимназиясының, №53 лицейінің, Қарағанды гуманитарлық колледжінің педагогтары қатысты.

Форумның ашылу рәсімінде «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасының авторы Сара Назарбаева «Бөбектің» осы жылдар ішінде қолдаған бастауларын, рухани-адамгершілік білім беруді дамытуға бірге атсалысқан, аталған игілікті істерге үлкен үлесін қосқан – Үкімет мүшелеріне, ғалымдарға, әдіскерлерге, педагогтарға, барлық мейірімді жандарға алғысын білдірді. «Бізге өскелең ұрпақты игілік пен әсемдік заңдылығында тәрбиелеу, әр балаға өз шынайы тағдырын түсінуге көмектесу бойынша ұлы борыш жүктелді», – деді Сара Алпысқызы.

ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Г.Исимбаеваның, «Бөбек» ҰҒПББСО  бас директорының міндетін атқарушы Е.Сәкенованың және ғалымдар мен оқытушылардың құттықтау сөздерінің арқауы  мемлекетті дамыту үшін  рухани-адамгершілік білім беру басымдылығына негізделді.

Ш.Амонашвили, Арт Онг Джумсаи, М.Мейер, А.Могилевская, Д.Маллаев, Э.Бейларов және тағы басқа шетелдік ғалымдар форум қатысушыларының кәсіби тәжірибесін байытатын бірегей шеберлік-сағаттар мен тренингтер өткізді.

Сондай-ақ, форум қонақтары жас таланттарды ашатын «Бала дауысы» балалар байқауының гала-концертін тамашалады.

 

Ж.ҚАҢТАРБАЕВА,

ДБО тренері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button