Италиядан – инвестиция

     Қазақстан италиялық бизнеске жаңа жобалар ұсынбақ. Мұндай бастама «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесінен кейінгі басқосуда мәлім болды.

Саясаткерлер, бизнес өкілдері, италиялық депутаттар және көрме қонақтары Қазақстан-Италия серіктестігі мен жаңа жобаларды талқылау үшін Римде бас қосқан.

Конференция Қазақстанның Италиядағы елшілігі италиялық жоғары геосаяси зерттеулер институтымен бірігіп, инвестиция тарту мақсатында ұйымдастырылған.

Негізі, Қазақстанның басты серіктесінің бірі – Италия. Себебі, бұл ел біздің мемлекетке бүгінге дейін алты миллиард доллардай қаржы құйған екен. Енді, «ЕХРО» көрмесінің нәтижесі бойынша мемлекет италиялық кәсіпкерлік үшін жаңа мүмкіндіктер мен жобалар ұсына алады. Алдымен, туризм саласында, содан соң баламалы энергетика мен жасыл технологиялар бағыты қолға алынбақ.

«Біз «ЭКСПО-дан» кейінгі Қазақстанның рөлін талқыладық. Еуропа елдері, оның ішінде, Италия өзара байланысты дамытуға үлкен қызығушылық танытып отыр.

Болашақта да серіктестігіміз беки түспек. Өйткені, Қазақстан баламалы энергетика саласында көптеген мүмкіндіктер ұсынып отыр. «ЭКСПО» тақырыбы көрсеткендей. Еуропа үшін бұл өте қызықты», – деді Италиядағы Жоғары геосаяси зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Алессандра Бениньетти.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.