Жаңалықтар

IT-сыныптардан – цифрлы әлемге

ІТ-орталықтарды ашудағы партия жобасы цифрлы қызмет көрсетуді жеделдетіп дамыту және білікті ІТ-мамандарды даярлау үшін «цифрлық қоғамдастықты» кеңінен енгізуге бағытталған. Саланы дамытуға Қазақстан азаматтарының әлеуметтік өмірін жақсарту түрткі болды.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын енгізу арқылы ерте жастан компьютерлік сауаттылық жақсаруына байланысты, енді мектеп оқушылары кәсіптерін өздері таңдай алмақ. Өмір сапасын және зияткерлік дамуды жақсарту озық ІТ-технологияларды қолдану негізінде бәсекелестікке қабілетті қоғамды құрудың алғышарты болады. Smart қозғалыстар еліміздің экономикалық жағдайына әсер етеді және дүниежүзілік санаға әсер ете алатын және өз өнімін бренд ретінде шығара алатын жоғары дамыған қоғам ретінде қалыптасуға мүмкіндік береді. Цифрлық индустрия білім беру саласын ғана емес, экономика, ғылым, еліміздің сыртқы және ішкі қорғанысы салаларын да қамтитын болады.

Мысалы, дүниежүзілік тәжірибе ІТ-саласындағы кәсіби мамандарды оқыту үшін оларды бакалавриатта 4 жыл оқытудың қажет еместігін, қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру жеткілікті, ал жұмыстағы қажетті дағдыларды олар келешекте практикада іске асыратын болады.

Осы орайда партия бастамасымен өскелең ұрпақтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында Жаңаарқа ауданында 2018 жылы 10 мектепте ІТ сыныптары ашылса, биыл тағы 3 мектепте ІТ сыныптарын ашу жоспарда.

Сынаптар заманауи 15 компьютермен, 3D принтермен, робототехника жабдықтарымен және жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен, қажетті Web бағдарламамен жабдықталған.

Бақыт ТӘШІМБАЕВА, Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің ақпараттандыру бойынша әдіскері:

– ІТ сыныптарда оқу америкалық STEM әдісі бойынша жүргізіледі. Бұл жерде инновациялық технологияны игеруге икемі бар жас таланттар шеберлігін шыңдап, сандық технологиялар бағытындағы білімдерін арттыруға жол ашпақ.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button