Жаңалықтар

IT – орталық ашылды

«Нұр Отан» партиясының стратегиялық маңызды бастамаларының ішіндегі «IT-мамандар дайындау» жобасы аясында IT-мамандар дайындайтын сынып ашылды. Оқыту орталығы облыстық партия филиалының қолдауымен облыстық Кәсіпкерлер палатасы базасында іске қосылды. Оқыту жұмысы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Екі орталықтың жұмысын «Sanasoft co» және «Furtado Plast» ЖШС ұйымдастырады. Бұл ұйымдар лингвистика, медицина, қаржы саласындағы білім беру саласын бағдарламамен қамтамасыз етуге маманданған. Жұмыссыздар мен өз-өзін жұмыспен қамтитын азаматтар «Бағдарламалау» (веб-шебер, веб-дизайнер), «Жүйелік әкімші» мамандықтары бойынша оқуға мүмкіндіктері бар. Қазірдің өзінде аталған екі мамандық бойынша 41 адам білім алуда. Алдағы уақытта білім алушылардың
санын 150-ге дейін жеткізу жоспарланған. Бұл межеге жетуге оқыту орталығы толық қауқарлы. Ол қажетті барлық қаржылық және материалдық ресурстармен, оның ішінде, техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.
– Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, кәсіби IT-мамандарын даярлау «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Осындай жобаларды іске асыру арқылы партия Елбасының бұл бағдарламасын орындауға кірісті. Кәсіпкерлер палатасы, облыс әкімдігімен бірлесе отырып, жұмыссыздардың қажетті білім алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасаймыз. Әрине, негізгі басымдық жастарға жасалады,– деді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова.
Сонымен қатар, Қадиша Базарбайқызының айтуынша, білім алушылар әуелі әңгімелесу кезеңінен өтеді. Соның нәтижесінде үміткердің білім алуға дайындығының деңгейі мен қабілеті анықталады.
«Sanasoft co» оқыту орталығы Мемлекет басшысының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Бағдарламашы PHP», «Бағдарламашы Python», «Бағдарламашы iOS», «Бағдарламашы Android», «Бағдарламашы Windows Phone», «Мобильді құралдарды жасаушы», «Бағдарламашы С+», «Жүйелік бағдарламашы», ойындар құрастыру және басқа да бағыттар бойынша оқытады. 
Осы орайда, Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінің ІТ-мамандарын даярлайтын қанатқақты кластеріне Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларындағы үш колледжді және жалпы білім беретін жеті мектепті қосу жоспарланған. Биылғы жылы аталмыш оқу орнының базасында 140 ІТ-маманын даярлау жоспарланған. 
Партия жобаларын нақты іске асыру мемлекеттің стратегиялық міндеттерін шешудегі басы бағыттарының бірі болып табылады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button