Жаңалықтар

Ит – адамның досы

Қыстың қақаған сары аязды күні болса керек. Малды ерте қоралап кешкі астарын ішіп, бір үйлі жан ұйқыға кетеді. Ақтөс болса қыстың ұзақ түні малшы ауылын айнала күзетіп, таң ата есіктің аузындағы ескі киізге келіп жатып көз іліндіреді. Бүгін таңды сергек атырғанымен қожайынының мезгілсіз жатуы, таңнан тұрып басынан сипап жүретін иесінің көзге көрінбегеніне алаңдаған Ақтөс үйді айнала үре бастайды. Адамның дыбысы шықпаған соң есікті олай-бұлай тырмалайды. Сол кезде әженің ет сақтайтын қоймасының терезесіне көзі түскен Ақтөс терезеден үйге енсе, үлкен-кіші, бала-шаға бас көтере алмай жатқанын көре сала, қыңсылап барып қожайынды сүйрелей бастайды. Көзін зорға ашқан малшы сүйретіліп сыртқа шығып, есік терезені ашып, үйдегі отбасын аман алып қалады. Егер ит келіп бізді оятпаса бір үйлі жан иіс тиіп қырылып қалар едік деп еске алушы еді атам.
Ақтөс осылай иесін аман алып қалыпты. Атам Ақтөсті қартайғанша жан серігім деп құрметтеп өтті.

Әмина ЗЕКЕН,
К.Байсейітова атындағы
жалпы білім беретін
орта мектептің 4-сынып оқушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button