Істің ең ізгісі – бала тәрбиесі
Қазақ елінің бүгінгі құдіреті, болашағының кепілі – кемел білім беруде десек, білім кеңістігінде жас жеткіншектерді тәрбиелейтін орын – балабақша.
Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін – ұлттың болашағы деп білген. Осы орайда оқыту мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпақты саналы тәрбиелеу негізінде қаланың оңтүстік-шығыс ауданында орналасқан «Жұлдыз» балабақшасында жүзге жуық әр ұлттың балалары тәрбиеленуде. Жақында балабақшада ата-аналарға арналған Ашық есік күні өткізілді. Балабақшада күн тәртібіне байланысты балалардың жас ерекшелігіне сай ұйымдастырылған тәрбие беру, денсаулығын нығайту мақсатында психологиялық қызмет көрсету, сапалы, жүйелі, тұжырымды жұмыстар жүргізілді. Балабақшада тәжірибелі мамандар бүлдіршіндердің танымын кеңейтіп, дамытуда көптеген жұмыстар жүргізуге жағдайлар жасады.
Сонымен қатар, балабақшадағы әр іс шара өз мәнінде өткізіліп, облыстық, қалалық сайыстардан қалыс қалған емес. Бірнеше Алғыс хат, мадақтамаларға ие. Педагогтардың балаға қуаныш сыйлауы, талмай еңбек етуі балабақшаны мейірімділік пен сүйіспеншілік аймағына айналдырады. «Тәрбиеші-педагогтың кәсіптік деңгейі – балабақшаның қаңқасы» дегендей «Жұлдыз» балабақшасының директоры Замзагүл Серікқызына, әдіскер Нұргүл Боранбайқызына және тәрбиешілерге, педагогтарға алғысымызды білдіреміз. Жаңашылдық пен ізденімпаздық басты ұстаным болғандықтан, жүйелілік пен ізденушілік үлкен орын алып отырғанын білеміз. Сондықтан, балабақша ұжымы шығармашылық табысқа жетіп, шарықтай берсін.
Д. НҰРЛАНОВ,
№7 «Жұлдыз» балабақшасының ата-анасы.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.