Жаңалықтар

Іске сәт, әріптес!

    «Қазақ газеттері» ЖШС Редакторлар кеңесінің төрағасы – Бас директор Шәмшидин ПАТТЕЕВТІҢ бұйрығымен осы медиахолдингтің Қарағанды облысындағы өкілі болып Амандық РАХҰЛЫ тағайындалды.

Амандық Рахұлы – «Орталық Қазақстан» газетінің ардагер журналистерінің бірі, Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі.

Қаламы жүйрік әріптесі­міз­дің есімі көзі қырағы оқырманға жақсы таныс. Амандық Рахұлы «Орталықтың» беттерінде көкейкесті мәселелерді көптеп көтергені мәлім.

Жалпы, «Қазақ газеттері» ЖШС – еліміздің ақпарат кеңістігінде өзіндік орнын айқындаған медиахолдингтің бірі. Оның құрамында алты басылым — «Ана тілі», «Уйғур авази», «Экономика» газеттері мен «Ақиқат», «Үркер» және «Мысль» журналдары бар. Амандық Рахұлы осы басылымдардың облыс аймағында таралуына, сондай-ақ, облыс өміріндегі елеулі жаңалықтардың басылым беттерінде жарық көруіне атсалысады.

Іске сәт, әріптес!

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button