Спорт

Ірі жеңіс

   Бейсенбі күні «Сарыарқа» «Химикті» (Воскресенск) күйрете жеңді. 6:1. Матч Қарағандыдағы «Қарағанды – Арена» мұз сарайында өтті.

Алғашқы кезеңде тараптар бір-бірін ала алмады. Нәтижесіз шабуылдарға кезек берді. Есесіне, екінші-үшінші кезеңде жанкүйерлер қауымы айызды қандырған сәттерге куә болды.

Айрат Зиазов 25-ші минутта «Сарыарқаны» алға шығарды. 1:0.

Арада үш минут өте Андрей Первышин есепті еселеді. 2:0.

Бұдан кейін «Химик» те қауқарын танытты. 30-шы минутта Никита Шацкий қақпашы Гелашвилиді қапы қалдырды. 2:1.

Шацкийдің шайбасынан соң «Сарыарқа» қарқынға қарқын қосты. Константин Соколов «дубль» жасады (36-шы және 50-ші минуттар). 4:1.

Александр Зубрицкий (51-ші минут) және Олег Ломако (54-ші минут) бір-бір голдан соғып, «Сарыарқаның» басымдығын арттырды. 6:1. Сөйтіп, қарағандылықтар ірі жеңіске қол жеткізді.

«Сарыарқа» бұған дейінгі төрт ойынды сыртта өткізді. Екеуінде ұтып, екеуінде есе жіберді. Шайба айырмашылығы – 15-16. «Сарыарқа» пайдасына. Қазір 79 ұпаймен турнир кестесінің 5-ші сатысында.

Бүгін «Сарыарқа» Чеховтың «Звездасын» қабылдайды.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button