Өңірде орта арнайы мамандар тапшы
Аймақта 80 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Ал еңбек нарығында әсіресе, арнайы орта мамандар тапшылығы бар. Жалпы, облыста тың жобалар іске қосылады. Ол туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтып берді.
– Өңірде іске қосылатын үлкен жобалардың бірі – Осакаров ауданындағы «Sarapan» фабрикасы. Тағы бір ірі жоба – “Шұбаркөл көмір” кен байыту фабрикасы. Жобаның құны – 40 млрд.теңге, 100 млн.доллардан астам. Саран аймағында тұрмыстық техникалар шығарылатын зауыттың құрылысы сынақ режимінде жүргізіліп жатыр. Және осы Саран аймағына екі инвестор келді . Олардың бірі коммуналдық жүйеге бізге аса қажет құбыр түрін өндіретін зауыт салса, екіншісі, жылытқыш материалдар шығаратын зауыт тұрғызады, – деді аймақ басшысы.
Одан бөлек, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында да өнеркәсіпке арналған жарылғыш заттар өндіретін зауыт құрылысы аяқталуға жақын. Алдағы уақытта ферроқорытпа зауыты салынады. Бүгінде ферроқорытпа зауытының қаржыландыруы шешілген.
Бұл зауыттарға да мамандар қажет болады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz