Бас тақырып
Өңірде ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді
Бүгін, 13 ақпан сағат 11:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық жол жабылды. Қатты жел, боран салдарынан барлық көлік түрлерінің қозғалысы шектелді.
![](http://ortalyq.kz/wp-content/uploads/2025/02/67ab4f79d4583538563903-1024x678.jpg)
– «Астана-Қарағанды-Алматы», Ақмола облысының шекарасы-Теміртау;
– «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін);
– «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін);
– «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолы 856-1230 км (СҚО шекарасынан Қажымұқан ауылына дейін).
Жолдарды 14 ақпан күні сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz