Қарқаралы

Өңір-өрлеу жолында

   Жақында «Нұр Отан» партиясы Қарқаралы аудандық филиалының ХV есеп беру – сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысын партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Халел МАҚСҰТОВ жүргізіп отырды.

Жиынға «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихат депутаты, аудандық филиалдың партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Р.Төлепбаев, партия және аудан активі, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің, партиялық бақылау комиссиясының, аудандық депутаттық фракцияның жетекшілері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, мекеме-кәсіпорын басшылары, қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясы Қарқаралы аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2015-2016 жылдары атқарған жұмысы, партияның аудандық филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамын сайлау, партияның облыстық филиалы конференциясына делегаттар сайлау жөнінде мәселелер ұсынылды.

Ауданда тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған топтарын қолдау, қорғалуын қамтамасыз ету, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жоғарылатуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша көптеген көрсеткіштерге ауданымыз қол жеткізіп келеді. Биылғы 9 айда өнеркәсіп өнімінің жоспары – 109,2%-ға, ауыл шаруашылық өнімі жоспары – 124%-ға, негізгі капиталға салынған ивестиция жоспары – 111,9%-ға, мемлекеттік бюджетке түсімдердің жоспары – 112,3%-ға, шағын кәсіпкерлікті дамыту жоспары 109,9%-ға орындалған.

Сағыныш Әбілова

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button