Жаңалықтар

Өңір дамуы – өзекті мәселе

    Кеше облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде аймақ басшысы желтоқсан айындағы жыл сайынғы азық-түлік бағасының қымбаттауын болдырмау мәселесі мен жылу электр станцияларының үздіксіз қызмет етуін қадағалау қажеттілігін сөз етті.

– Қазіргі күннің өзінде азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз жоғарылату жайттарының алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл оқиғаның биыл да қайталанбауын болдырмау үшін жақсылап ойлану керек. Ең алдымен бұл қала және аудан әкімдеріне қатысты, – деді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар, аймақ басшысы қол астындағы бағынышты қызметкерлерге апаттық жағдайлар мен тосын оқиғалар орын алмас үшін, жылу электр станцияларында тәулік бойы кезекшілік жүргізу мәселесін қойды.

Бұдан бөлек, облыс әкімі жуық арадағы мереке күндері қоғамдық тәртіпке ерекше назар аударуды тапсырды. 30 қараша және 1 желтоқсан күндері Қарағанды қаласында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған бірнеше іс-шара өткізілмек ойда. Атап айтсақ, Серік Сәпиев атындағы бокс Орталығында «Біздің Көшбасшы – біздің күшіміз!» атты ауқымды медиа жоба ұйымдастырылмақ.

 

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button